"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
Қуат тасымалына жарты ғасыр
29.08.2017

 Орта Азия елдерінің көгілдір отынын сайын даланың төскейімен мыңдаған шақырымдарға тасымалдап, ел экономикасына елеулі үлес қосып отырған «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырының іске қосылғанына 50 жыл болды.

1967 жылы әлемдегі ең ұзын транс­құрлықтық газ құбыры болған «Орта Азия – Орталық» магистралының іске қосылуы Қазақстандағы газ саласының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Құбырдың отандық экономиканы келешекте де дамыту мүм­кіндігі мол. Себебі, Орта Азияда өндірілетін газдың қомақты бөлігі осы құбыр арқылы Ресейге, Еуроодақ елдеріне тасымалданады. Сонымен қатар ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге, экспортқа шығарылатын көгілдір отын да тасымалдануда. Газ құбыры төрт мемлекеттің – Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Ресей аумағы арқылы өтеді.
Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары аумағымен өтетін магистральдық газ құбырын пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді толықтай «ҚазТрансГаз» АҚ құрамындағы «Интергаз Орталық Азия» АҚ жүзеге асыруда.
1985 жылы «Орта Азия – Орталық» газ құбыры – жылына 80 млрд текше метр газ өткізуге қауқарлы көп тармақты магистрал­дық жүйе деңгейіне жетті. 2007 жылы САЦ-4 лупингі (қосарлы құбыр), 2008 жылы «Опорная» компрессорлық стансасы, 2013 жылы «Мақат» стансасы салынды. 2014 жылы «Жаңғала», «Мақат», «Опорная» және «Бейнеу» компрессорлық стансаларында еліміздің оңтүстік аймақтары мен Қытайға газ айдайтын реверстер іске қосылды. Бүгінде «Орта Азия – Орталық» газ құбырына еліміздегі ең ірі кен орындары – «Қашаған», «Теңізшевройл», «Шоғырлы» және «Шөмішті» жалғанған.
«Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырының іске қосылғанына 50 жыл толуына орай, Атырауда өткен салтанатты жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және сақтау жөніндегі аға вице-президенті Ибулла Сердиев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Мұхатай Шаңбатыров қатысты. Мерекеге шетелдерден келген қонақтар, ресейлік «Газпром» және «Газпром Трансгаз Саратов» компанияларының делегаттары, магистралдық газ тасымалдау жүйесінің қызметкерлері және еңбек ардагерлері қатысты.
Салтанатты жиында сөз алған «Қаз­МұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және сақтау жөніндегі аға вице-президенті Ибулла Сердиев газ саласы мамандарын жарты ғасырлық белеспен құттықтады.
– Қазақстанның газ саласында «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбы­рының алар орны ерекше. Бұл құбырдың тарихы еліміздің газ тасымалдау жүйесінің қалыптасуы кезеңімен тұспа-тұс келді. 1967 жылы пайдалануға берілген «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбыры – сол кезде әлемдегі ұзындығы мен қуаты жағынан ен үлкен газ құбыры болды. Мұның 900 ша­қырымы Қазақстан аумағымен өтеді. Осы құбыр арқылы біз қуаттылығы 50 млрд текше метр газды тасымалдай аламыз. Күні бүгін Ресейге, Бейнеу-Бозай-Шымкент арқылы Алматы облысы Оңтүстік Қазақстан облысының барлық қала, аудан, елдіме­кендерін жылдың төрт мезгілінде газбен қамтып отырмыз. Газдың толассыз тасымалы еліміздің барлық елдімекендерін, зауыттар мен фабрикалардың газбен қамтылуына жағдай жасап, ел бюджетін қомақты қар­жымен толықтырып тұр. Биыл қыркүйек айының соңында Қытайға газ экспорт­таймыз. Қазір сол жобаны тиянақтап жұмыс істеудеміз. Жалпы, газ құбырларының техникалық жағдайы мен мамандарымыздың біліктілік дайындық деңгейі жоғары, – деді Ибулла Жұмағұлұлы.
«Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбыры құрылысы, Қазақстанның газ жүйесінің негізін қалады. Бұл құбыр газ саласындағы көптеген еңбек әлеуеттерінің қалыптасуына себеп болды. Сондай еңбек жолынан өткен ардагер Таңбай Наушиев газ трубиналарын реттеп, қадағалап отырушы мамандығынан жоғары басшылық қызметке дейінгі сатыға абыроймен жетіп, 46 жыл ғұмырын газ саласына арнаған. Ардагердің бүгінде жастарға айтар тағылымы мол.
– «Орта Азия – Орталық» газ құбырының құрылысының басталуымен жаңа маман­дыққа оқу, тәжірибе алмасу жақсы жолға қойылды. Газ құбыры құрылысына жұмсалған қаражат 4 жылда өз шығынын жапты. Сөйтіп, 4 жылдан соң, бұл газ құбыры тап-таза пайда әкеле бастады. Бұл ерен еңбектің басы-қасында көптеген қазақстандық мамандар жүрді. Аптап ыстықта құбыр дәнекерлеу, төсеу жұмыстары тоқтамастан жүрді. Қарақұм, Қызылқұм арқылы 400 шақырым жерден газ құбыры өтті. Барлық жұмыс қолмен істелді. Қазір заманауи технология дамыды. Соның игілігін еліміз көруде, – деп сала мамандарына сәттілік тіледі.
Салтанатты жиында «Газпром» компа­ниясының өкілі Ренат Янгуразов, қазақстан­дық газ саласы ардагерлері қауымдастығының төрағасы П.Климов құттықтау сөз сөйлеп, өткен күндерді еске алды.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Мұхатай Шанбатыров газ саласының дамуына үлес қосқан ардагерлерге және қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Дереккөз

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу