"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ А.АЙДАРБАЕВТЫҢ КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАҒАН ҮНДЕУІ
20.03.2020

Алик Айдарбаев

Қымбатты әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы, табиғаттың жаңару кезеңі. Бұл мейірім мен ізгіліктің, достық пен махаббаттың, татулық пен келісімнің, барлық тың істеріміздің бастауы. Әрбір отбасы лайым жылылық пен жақсылықтың шуағына бөленсін. Шаңырақтарыңызға құт дарып, бақ қонсын.

Бүгінгі күні дүниежүзі және біздің еліміз де коронавирус індетінің қиын жағдайын бастан кешіп отыр. Мұнай бағасының күрт төмендеуі және халықаралық қаржы нарығының тұрақсыздығы жағдайды одан сайын ушықтыруда.

Қазақстан Үкіметі жұқпалы аурудың ел аумағында жаппай таралуын болдырмау үшін ауқымды жұмыс жасап, дер кезінде айрықша шаралар қабылдауда. Ондаған мың адамды еңбекпен қамтып және саланың экономикалық дамуына үлес қосып отырған Ұлттық компания алғашқылар қатарында бұл шараларды қолдап, негізгі үш басымдықты алға қойды.

Біріншіден – бұл біздің қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары. Біздің мақсатымыз – «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында және еншілес кәсіпорындарда еңбек ететін барлық қызметкерлеріміздің әрдайым жұмыс орындарынан үйлеріне, отбасыларына аман-сау оралып, қауышуы. Амандыққа жететін ештеңе жоқ.

Екіншіден, өндірістің қауіпсіздігі мен барлық өндірістік нысандардың үздіксіз жұмысы істеуін қамтамасыз ету.

Үшіншіден, коронавирус індетінің таралуын болдырмау шараларын іске асыруда, ақпараттандыру және барлық күш-жігерді жұмылдыруда мемлекеттік органдар және жергілікті әкімдіктермен жан-жақты өзара тығыз жұмыс істеу.

Бұл орайда менің тарапымнан бұйрықтарға қол қойылды және алдын алу шараларын нығайту туралы барлық еншілес және бағынышты мекемелер басшыларына тапсырма берілді.

Ұлттық компанияға қарасты барлық кәсіпорындарда оперативтік штабтар құрылды. Коронавирус инфекциясының эпидеямисы кезіндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Барлық өндіріс орындарының үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті ресурстармен қамтылатын болады. Тауар жеткізу, жұмыс пен қызмет көрсету мәселелері қатаң бақылануда. Мердігерлік және сервистік компаниялармен үйлестіру жұмыстары күшейтілді.

Ел үшін осындай күрделі кезеңде, мен Сіздерді, барлық әріптестерімді, Сіздердің жақындарыңызды барынша сабырлы, парасатты, шыдамды және түсіністікпен қарауға шақырамын. Мен Сіздерден Үкіметіміздің барлық талаптарын орындауды, өз денсаулықтарыңызды күтуді және барлық тазалық шараларын мүлтіксіз орындауды сұраймын.

Ұлттық компания өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау жолында барлық шараларды жасайды. Өз тарапымнан Сіздердің әрқайсыңыз өз отбасы, компаниясы және елінің қауіпсіздігі үшін жауапты екенін терең түсінетініңізге сенемін!

Қазіргі қиындықтарды біз бірлесіп жеңіп, одан да мықтырақ боламыз деп сенемін. Сіздерге және жақындарыңызға амандық тілеймін.

Алик Айдарбаев

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 20 наурыз

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу