Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ГАЗДЫ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНАН ТӨМЕН БАҒАДА ПАЙДАЛАНУДА. БҰЛ РЕТТЕ СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА ХАЛЫҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ 30%-ДАН 50%-ҒА ӨСТІ
04.06.2019

 Бес жыл ішінде газға қосылған балалар бақшасы, мектептер, ауруханалар және өзге де әлеуметтік және коммуналдық салалар саны 86,5%-ға өсті.

Ағымдағы жылғы мамырда ҚР ішкі тарату желілері бойынша жеткізілетін газға тарифтер бөлшек сауда тұтынушылары үшін  елеусіз өсті; табиғи газ сегментіндегі өсім 1,5%-ды (текше метрі үшін 18,7 тг-ге дейін). Сұйытылған газ сегментінде елеусіз қысқарту байқалды: 0,1%-ға ( кг үшін 155,8 тг).

Бұған қоса баллондарда жеткізелітн сұйытылған газға баға 2,1%-ға , 50 литрі үшін 2673 тг. дейін ұлғайды. 

Табиғи газбен газдандырылған ҚР-да әкімшілік-аумақтық объектілердің саны 984 бірлікке жетті, төмендеу — 14. Табиғи газбен газдандыру бойынша ең жоғары көрсеткіштер күтілгендей  Батыс қазақстан облысында байқалды: 231 объект. Көшбасшылар арасында  Жамбыл (178 пункт) және Түркістан (148 объект) облыстарыда бар.

Соңғы бес жылда газ пайдалану мүмкіндігін үш миллионнан астам қазақстандық алды, ал халықты газдандыру деңгейі 30%-дан 50%-ға дейін өсті.Қазақстанның газ тасымалдау және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны — «ҚазТрансГаз» АҚ  болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ деректері бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда елдің 11 облысында көгілдір отын пайдалану мүмкіндігі бар.  Егер республикада бес жыл бұрын  1056402 газдандырылған абонент есептелсе, 2018 жылғы қарашада олардың саны  1777394 дейін өсті, өсім елеулі 68%-ды құрады. Осылайша, факты бойынша табиғи газды 9 млн.-нан астам қазақстандық пайдаланады.

Сонымен қатар, соңғы бес жылда газдандырылған отандық кәсіпорындар саны:  23725-тен 44189-ға немесе бірден  86%-ға өсті. Олардың ішінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, 2013 жылғы деректер бойынша  1635 болды, бірақ 2018 жылғы қарашада көрсеткіш  82,8%-ға өсті және 2990 кәсіпорынды құрады.

Тарату желілеріне қосылған бала бақшалар, мектептер, ауруханалар, әртүрлі әлеуметтік және коммуникациялық салалар объектілерінің саны өсіп келеді. «ҚазТрансГаз» АҚ деректері бойынша, газдандырылған коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар саны бес жыл ішінде 22090-нан 41189-ға немесе 86,5%-ға өсті.

Ескертеміз: «ҚазТрансГаз» АҚ газды ішкі нарықта өзіндік құнынан төмен бағамен өткізеді, осылайша отандық тұтынушыларды қолдайды. 1 қаңтардан бастап тауарлық газға көтерме саудадағы шекті бағалар өңірлерге байлансты  17,5% шегінде төмендетілді. «Бұл іс жүзінде елдің барлық газдандырылған өңірлерінде электр энергиясына және жылуға түпкілікті бағаларды төмендетуге мүмкіндік берді. Қорытындысында бүгінгі күні ішкі нарыққа өткізілетін газ  өзіндік құнынан төмен сатылады, бұл газ саласын дамыту үшін тежегіш фактор болып табылады. 2014 жылдан бастап 2018 жылды қоса алғандағы кезеңде ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» атынан ішкі нарықта 200 миллиард теңгеге жуық залал көрді. Бұл халық білуі тиіс, өте салмақты сандар», — деді Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Парламенті  Мәжілісіндегі дөңгелек үстел барысында.  Ол ішкі нарық үшін газға бағаларды жыл сайын үкімет бекітетіндігін еске салды. 

Ел ішіндегі газдандырудан бөлек, ұлттық оператор  әлемдік нарыққа меншікті көгілдір отынды жеткізуші ретінде де және халықаралық транзит жолында негізгі байланыстырушы буын ретінде де Қазақстанның маңыздылығын арттыруға ықпал етеді. Осыйлайша, мысалы, ағымдағы жылы «ҚазТрансГаз» АҚ «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбыры бойынша Ресей федерациясында ҚР аумағы арқылы түркімен тауарлық газының транзитін жаңартты.  

Ұлттық оператор рекордтық қысқа мерзімдерде өз газ құбырлары жүйесі арқылы мыналардың арқасында  транзитті бастай алды: қазіргі заманғы технологиялардың және «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбырын жаңғыртудың арқасында түркімен газын тасымалдау режимі қалыптастырылды және небәрі бірнеше тәуілік ішінде  іске қосылды.

Компания деректері бойынша «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбыры бойынша Ресей федерациясына түркімен газын тасымалдау көлемі тәулігіне 15 млн. текше метрді құрайды. Қазақстан аумағы арқылы транзитті жаңартуды бастаған кезде 220 млн. текше метрден астам газ тасымалданып қойған еді. Бұрын Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі арқылы түркімен газының транзиті 2016 жылы аяқталған еді. 2019 жылдың басынан қолданыстағы Газ саласындағы 2028 жылға дейінгі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде Түркіменстан және РФ арасында   газ жеткізуді жаңарту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл бірден үш мемлекетке газ саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді.

Соңғы жылдары қазақстандық газ саласы ауқымды жаңғыртудан өткендігін ескертеміз және мамандардың бағалауы бойынша «ҚазТрансГаз» компаниясы Орта және Орталық Азиядағы газ ағындарының маңызды және технологиялық ең қуатты операторына айналды. 

Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында сұйық және газ түріндегі табиғи газды өндіру өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда елеусіз өскендігін ескертеміз және 18,8 млрд текше м. құрады, оның ішінде газ түріндегі табиғи газ 7,8 млрд текше м., газды тауарлық шығару — 4,3 млрд текше м. құрады.

41,9% сұйық және газ тәрізді жай-күйде табиғи газды өндіру Атырау облысына тиесілі (7,9 млрд. текше м, жылына 1,3%), 36,7% — БҚО (6,9 млрд. текше м, −2% жылына), 12,7% —  Ақтөбе облысына  (2,4 млрд. текше м, 4,4% жылына). Бұл ретте табиғи күйінде табиғи газды негізгі өндіру (ҚР 88,2%) БҚО тиесілі: 6,9 млрд. текше м (−0,7% жылына).

Газ өндіруші негізгі оператор негізгі компания«ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания болып табылады. «ҚазМұнайГаз» мұнай мен газ конденсатын өндірудің жалпы көлемінің 28%-ын және Қазақстандағы табиғи және ілеспе газ көлемінің 16%-ын өндіреді, сондай-ақ магистральдық газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдаудың 95%-ын қамтамасыз етеді. 

http://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/kazahstancy-polzuyutsya-gazom-po-cene-nizhe-sebestoimosti-pri-etom-za-poslednie-pyat-let-uroven-gazifikacii-naseleniya-vyros-s-30-do-50

03.07.2019
«ҚазТрансГаз» АҚ 1-ші жарты жылдықтағы жұмыс қорытындылары бойынша өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді арттырды
Әрі қарай оқу
01.07.2019
«Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «Газпром» ЖАҚ табиғи газды қабылдау-беру туралы техникалық келісімге қол қойды
Әрі қарай оқу
25.06.2019
Қазақстандық газ саласы қызметкерлері Арыс қаласының тұрғындарына біркүндік еңбек ақысын аударады
Әрі қарай оқу
20.06.2019
СЕНІМДІЛІК – ШЕБЕРЛІК БЕЛГІСІ."ҚАЗТРАНСГАЗ" АҚ "YЗДІК МАМАН-2019" КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
Әрі қарай оқу