Директорлар кеңесінің Төрағасы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры;

Сердиев Ибулла Жұмағұлұлы

1976 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі: 
- М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, инженер-экономист (1999 ж);
- К. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мұнай-газ ісі.

Жұмыс тәжірбиесі:
- Газ саласында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
- 2003 — 2005 жж. «Интергаз Орталық Азия» АҚ тендерлік рәсім мен келісімшарт мониторингі департаментінің бас маманы.

Әрі қарай оқу

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
9 маусым - Ұлттық аза тұту күні
Баспасөз орталығы
ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
08.05.2019

 «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялары тобында көп жылдан бері 9 мамыр қарсаңында Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтайтын дәстүр бар. Осы жылы Ұлттық газ операторының ұжымдары  «ҚазТрансГаз» АҚ  орналасқан барлық өңірлерде жүзден астам ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтады.

«Ардагерлерді құттықтайық» жыл сайынғы акциясының басты және жалғыз мақсаты  – Ұлы Отан соғысының батырларын ерліктері үшін, Жеңіс үшін, Отанымыздағы бейбіт ашық аспан үшін шын жүректен құттықтау болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ бас кеңсесі осы жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері - Тұрысбек Садықовты, Иван Ботевті, тыл еңбеккерлері - Мақжан Жетпісовты, Раушан Әбілқасымованы және  Бағытжан Кусниевті құттықтады.

Газшылар ардагерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтады, оларға ауыр соғыс жылдары көрсеткен ерліктері, қайсарлықтары үшін алғыс білдірді, гүлдер мен сыйлықтар және материалдық көмек берді.

9 мамырда «ҚазТрансГаз Аймақ»  АҚ жеті өндірістік филиалының қызметкерлері  53 ардагер мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Олардың барлығына сыйлықтар себеттері мен гүл шоқтары тапсырылды, материалдық көмек көрсетілді.

«Азиялық Газ құбыры» ЖШС ұжымы атақты "Катюша" М-13-ке оқ салушы болған, Будапешт пен Венаны босатуға қатысқан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған ардагер Жаңбыр Керімқұловты; Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы, қорытынды кезеңінде Алыс Шығыста соғысқан, соғыстарға қатысқаны үшін 2-ші дәрежелі Ұлы отан соғысы Орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Әскери жетістіктері үшін» медальдарымен марапатталған ардагер  Ивана Ролдугинді құттықтады.

«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС  соғыс жылдарын госпитальда өткізген ардагер - Архипова Анастасияны; еңбек майданына қатысушы, АЗТМ тылында жұмыс атқарған Тынысбекова Алиманы;  отбасылық жұпты, Мәскеу маңындағы Курскте соғысқан Нұрдәулетов Каланды және еңбек майданының қатысушысы Нұрдәулетова Бибісараны; ардагер - жаяу әскер қатарында болған, Варшава мен Берлинді алғаны үшін наградалары бар  Виктор Рябовты құттықтады.

«Амангелді Газ» ЖШС ұжымы Ұлы Жеңіс күнімен  Жамбыл облысы Талас ауданында тұратын ардагерлер Жұмахмет Дүйсенбайды және Райымқұлов Юнусты құттықтады. Оларға материалдық көмек пен мерекелік жинақтарды тапсырды.  

Жеңіс күні - майданда және тылда жауынгерлер көрсете білген отансүйгіштік, әскери борыш, жаппай ерлік таныту және жанкештілік  қасиеттердің белгісі. Біз өз өмірін қиып, ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған адамдар алдында мәңгілік қарыздар екендігімізді ұмытпаймыз.  

02.09.2019
НҰР-СҰЛТАНДА ГАЗ САЛАСЫ ЖАСТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Әрі қарай оқу
29.08.2019
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да бірінші жартыжылдықтағы өндірістік-қаржылық қызметінің қорытындылары шығарылды
Әрі қарай оқу
29.08.2019
«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Әрі қарай оқу
09.08.2019
Fitch «ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес компанияларының рейтингін «BBB-» деңгейінде растады
Әрі қарай оқу