"Интергаз Орталық Азия" АҚ Бас директоры

Басқарма Төрағасы

Қасеев Еркін Зарипұлы

1967 жылы 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 

Білімі: 1991 - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ, инженер.                                     

Жұмыс тәжірибесі:

1991 – 1998 жж – түрлі коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс атқарды;

1998 – 2001 жж. – «Өскемен газ шаруашылығының басқармасы» директоры, «Алаутрансгаз» ААҚ басқарушы директорының орынбасары;

Әрі қарай оқу

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Серді
Ибулла
Жұмағұлұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Көшеров
Даир
Әділбекұлы

Тәуелсіз директор

Алдажаров
Айтмухаммед
Турарбекұлы

Тәуелсіз директор

Сайднасимов
Марат
Абдулазизұлы

Корпоративтік хатшы

Торғаев
Бақытқали
Нұрғалиұлы
10 января 2022 года - день общенационального траура в Республике Казахстан
Баспасөз орталығы
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
04.03.2019

«Интергаз Орталық Азия» АҚ басшылығы компанияның 2018 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша еңбек ұжымымен есептік кездесу өткізді.

Бас директордың бірінші орынбасары Мұхатай Шаңбатыров өз есебінде елеулі оқиғаларды атап өтіп, компанияның биылғы жылғы даму перспективаларына тоқталды.

Өткен жылдың басты оқиғасы – «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ға Магистральдық газ құбырлары бойынша ұлттық оператор мәртебесін беру туралы ҚР Үкіметі Қаулысы.

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2018» конкурсының шеңберінде компания «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында Гран-приге ие болып, ҚР Президентінің сыйлығын алды. Еуропалық жетілдіру моделінің (EFQM) өлшемдері бойынша «Танылған жетілдіру – 5 жұлдыз» деңгейіне қол жеткізіп, сертификат алды.

Өндірістік көрсеткіштерден ең қысқа мерзім ішінде «Бозой-Шымкент» учаскесіндегі газ құбырының өткізгіштік қабілетін жылына 10-нан 15 млрд м³ дейін арттыруға мүмкіндік беретін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ-да 3 компрессорлық станцияның салынуы аталды.

Мұхатай Шаңбатыров компанияның негізгі қызметінің көрсеткіштерін де атап өтті. Атап айтар болсақ, Өндірістік бағдарламаның 2018 жылға арналған газды тасымалдау көлемінің бөлігіндегі орындалуы жоспар бойынша 69 294 млн. текше метрдің орнына 80 135 млн. текше метрді құрады, немесе жоспардың 116%-ы.

Тасымалдау бағыты бойынша көлемінің 10 841 млн. м³ нақты ұлғаюы былай қалыптасты:

• Ішкі тасымалдауда жоспар 107% орындалды - 874 млн. м³ ауытқу ҚР өңірлеріндегі тұтынудың артуымен байланысты.

• Газ экспорты бойынша жоспардың орындалуы 106%-ды құрады - 1 076 млн. м³ ұлғаю негізінен газдың ҚХР-ға жеткізілуіне, сондай-ақ газдың Өзбекстанға жоспардан тыс экспортталуына негізделген.

• Халықаралық транзит бойынша жоспардың орындалуы 123%-ды құрады - 8 890 млн. м³ ұлғаю «Газпром» ЖШҚ тарапынан (ресейлік транзиттің ұлғаюы) газ ағынының өзгеруімен түсіндіріледі.

Компанияның 2018 жылғы таза пайдасы жоспармен салыстырғанда 24%-ға артты.

2018 жылдың соңында 2017 жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттану деңгейі "нөлдік" деңгейге жеткізілді. Еңбек қызметі барысында қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелерінде компанияның жоғары бейілділігі, 2018 жылғы мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бас директорларының форумында атап өтілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Уолтон Кристофер Джон «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ға еңбекті қорғау саласындағы үздік көрсеткіштері үшін және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі 19-шы жыл сайынғы директорлар кеңесін жоғары ұйымдастырғаны үшін арнайы марапатты табыс етті.

2018 жылы біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша компанияның 12 229 қызметкері оқытылды. Жеке Оқу-курстық комбинатының базасында қызметкерлер курстық және қашықтықтан оқытудан өтті, сондай-ақ оқыту үшін оқытушының бөлімше орналасқан жерге шығуы ұйымдастырылды.

2018 жылдың маусым айында "Үздік маман-2018" кәсіби шеберлік байқауының ақтық кезеңі өтіп, оған 15 жұмысшы мамандығы бойынша 117 қызметкер қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша 45 жүлдегер анықталды, оларға бір күнтізбелік жылға компания қаражаты есебінен тарифтік мөлшерлемелеріне қосымша ақы белгіленді.

Кездесу соңында «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Шалқар Мәженаков еңбек ұжымы атынан сөз сөйледі, ол Ұжымдық шартқа қол қойылған сәттен бастап оның барлық ережелері нақты, мінсіз және толық көлемде орындалғанын атап өтті. Жалақы тұрақты индекстелді, компания басшылығы әрдайым қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлердің кәсіби өсуі, қызметкерлерді сауықтыру және емдеу, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің бос уақытын ұйымдастыру бойынша барынша қамқорлық көрсетті. Кәсіподақ төрағасы Компания басшылығына өндірістік жетістіктерге, сондай-ақ ұжымды әлеуметтік қорғауға бағытталған нақты бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.

23.12.2023
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті
Әрі қарай оқу
17.11.2023
QazaqGaz Алматыда жаңа газ құбырын салуды бастады
Әрі қарай оқу
16.11.2023
QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады
Әрі қарай оқу
23.10.2023
Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісі іске қосылды
Әрі қарай оқу